Жұлдыз жанар – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Жұлдыз жанар» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 692
Жұлдыз жанар сөнбеген алаулаған,
Көп телміріп шалғайға талаураған.
Маған ұқсас адамдар бар шығар-ау,
Саған ғана ұқсайтын санаулы адам.

Жазды көрем мен сенің шаттығыңнан,
Қарды көрем көңілдің ақтығынан.
Көлді көрем ойыңнан толқып жатқан,
Отын көрем жанар тау жастығыңнан.

Қасіретің ерімес мұз сияқты,
Сағынышың сарғайған күз сияқты.
Тауға ұқсайды өр тұлғаң екі ыйығың,
Қыран ғана қонатын құз мияқты.

Қалжырасаң қалғандай дала тыныш,
Қара шашың - түнгі бел қара пүліш.
Мендегі арман бір болса сеніменен,
Ал сенімен бір екен жаратылыс.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұлдыз жанар өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Жұлдыз жанар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұлдыз жанар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұлдыз жанар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері