Кейде – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Кейде» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 631
Жеке дара жүрекке билік құрып,
Күйіп жанып бір ғажап күйді ұқтырып.
Алақанда әлпештеп жүресің де,
Кейде мені аласың ширықтырып.

Аялайсың көрсетіп қормал қылық,
Ойларыңмен тастайсың толғандырып.
Елжіретіп жанымды отырып та,
Кейде мені аласың шамдандырып.

Қатар күлген жұлдызбен кештелетіп,
Талай жолғы еңбегің текке кетіп.
Құшағыңа құлауға сәл қалғанда,
Абайсызда аласың өкпелетіп.

Алдарқатып көңілді жайландырып,
Ұршықтайын кетесің айландырып.
Кейде сені сағынып отырам мен,
Бір көруге шарам жоқ, айлам құрып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кейде өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Кейде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кейде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кейде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері