Өлгендер жақсы – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Өлгендер жақсы» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1258
«Өлгендер жақсы...»
Ол рас, тірілер жаман...
Бірінен бірі, əйтпесе, түңілер ме адам?
Құбылстанға ұқсайды дүние мынау,
Ібілістанға ұқсайды «ірілер» маған.
Өлгендер анау «Кеңсайда»
Қабырстанда,
Алдырған жанын Ажалға –
Кəрі мыстанға.
Ұқтырады олар біздерге үн-түнсіз жатып
Жарық күн жалған екенін жаның ұшқанда.
Мен ұқтым оны бұлтсыз бозарғанда аспан,
Сатқындық жасар алдында сазарған достан...
Жеті қат Нілдің астынан жертөле қазып,
Біз тұрмақ, Арастұлың да Ажалдан қашқан!
Тірілер жаман...
Мен болам жаманның бірі,
Сабындап жусам кетпейді санамның кірі.
Өлген соң жақсы болармын,
Əлдекімге емес,
Аллаға қарап қалғанда адамның күні!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлгендер жақсы өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Өлгендер жақсы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлгендер жақсы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлгендер жақсы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері