Ашылып жас желектей желге іреңі – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ашылып жас желектей желге іреңі» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 750
Ашылып жас желектей желге іреңі,
Жүрегім сені көріп елжіреді.
Жүрегім елжіресе...
Көкіректе
көктемдей ағыл-тегіл сел жүреді.
Ериді көкіректің мұзы, қары.
Өршиді,
өрекпиді,
қызынады...
Бір ұқса, қыздың жайын ақын ұғар,
Бір ұқса, ақын жанын қыз ұғады.
Жүректің елжіреуі...
Жақсылық па?
Көктемде көзім түсті жас шыбыққа.
Қабағы əншейінде ашылмайтын
Аулынан аспанымның қашты бұлт та.
Қашты бұлт, –
Қар жаудырған, бұршақ атқан.
Көшті күн көк тұманын тұмшалатқан.
Жүрегім сені көріп елжіреді...
Тəрк етпе, тəңірім, енді мұнша бақтан!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері