Емделіңдер, адамдар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Емделіңдер, адамдар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1245
Өмірге келгелі
Бұл жұмыр жердегі
Білмедім, көрмедім
Дені сау пендені.
Біреудің жүрегі,
Біреудің білегі Аурулы.
Айығу –
Бәрінің тілегі.
Біреудің бауыры,
Біреудің сауыры –
Аурудың, әйтеуір
Жоқ ешбір тәуірі.
Біреудің жүйкесі,
Біреудің шүйдесі –
Сан түрлі сырқаттар,
Сан түрлі күй деші.
Тәннің де жарасы,
Жанның да жарасы
Айығыр. Тым қауіп –
Сырқаса санасы.
Біреулер дау іздеп,
Біреулер жау іздеп,
Жүргені өзара
Алты ала ауыз боп.
Тілесең жанға жар,
Карловы Варға бар.
Қайнарлы бұлақтар –
Шипалы ванналар.
Болсаң да неше күн,
Қайтпайды меселің.
Жуылар, қуылар
Бойдағы кеселің.
Тілесең жанға жар,
Карловы Варға бар.
Думанды, сауықты,
Жәрмеңке – хан базар.
Құшағын жайған бақ,
Арала сайрандап.
Қызыққа көз тоймай,
Қайтасың қайран қап.
Карловы Варда сен
Танисың таңды әсем.
Табысып талаймен,
Шалқисың барда сен.
Тауында тынығар
Достықтың шыңы бар.
Ол жерде түрлі жан
Бір-бірін ұғынар.
Тауында тынығар
Достықтың шыңы бар.
Демалып, емделген
Ол жерде ұлылар.
Емделген ғалым да,
Шаруа шалың да.
Алайда, жол жабық
Зымиян, залымға.
Әрине, ондайды
Емдетпей болмайды.
Сырқаса саналар,
Дүние сорлайды.
Емдейік жараны,
Қайғыны, наланы.
Емдейік ең алды
Сырқаған сананы.
Тілесең жанға жар,
Тілесең таңға ажар,
Ерінбе, Ей, достым,
Карловы Вара бар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Емделіңдер, адамдар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Емделіңдер, адамдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Емделіңдер, адамдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Емделіңдер, адамдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері