Жібек жолы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жібек жолы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2716
Менің жолым – Жібек жолы жалғасқан,
Менің жолым – жүрек жолы ән-дастан.
Жалғастырып Батыс пенен Шығысты,
Жүріп келем, жүріп келем талмастан.
Жібек жолы дарынымды дамытқан,
Тал бойыма игілікті дарытқан.
Жібек жолы – өмірімнің өткелі,
Жақсы менен жамандықты танытқан.
Сол арқылы Еуропаға жол аштым,
Жол ашқанда айқара аштым, мол аштым.
Үнін тыңдап Штраус пен Моцарттың,
Жырын ұқтым Гете, Гейне, Томастың.
Жібек жолда шәкірттерім есті боп,
Дүниенің жұмбақтарын шешті көп.
Қазағымды бір мысқал да кемітпей,
Өз тіліммен бастап келем көшті көп.
Жібек жолым жалғасады, бітпейді,
Бақытыңды болашақтан күт дейді.
Жалықпасам, жетем түбі мақсатқа,
Алтын аптап, күміспенен күптейді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жібек жолы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жібек жолы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жібек жолы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жібек жолы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері