Саумал түннен аппақ арман сауамын –
Құралай Омар
Бұл бетте «Саумал түннен аппақ арман сауамын» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Саумал түннен аппақ арман сауамын,
Қара жерге ақ қар болып жауамын.
Кетсем деймін аспан жаққа, жыраққа,
Мен білмеймін себебін,
Сен білмейсің жауабын.
Сұрамашы, жерден, сенен жерісем,
Нәзік қар боп қолдарыңда ерісем
Деп едім ғой...
Неліктен мұз қып қойдың мені сен?
Суық әлем, қызуымды тонадың.
Қалжырап кеп, алақаныңа қонамын.
Жылытам деп, күйдіресің, содан соң
Дір-дір етіп тоңамын.
Мұндай сезім аңсаған да жоқ едім,
Мұздай жасты жанарымнан төгемін.
Қажыдым ғой.
Қашып кеткім келеді,
Сұрамашы себебін.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі