Соншалықты жақын едің, соншалықты алыс ең

Бұл бетте «Соншалықты жақын едің, соншалықты алыс ең» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 549
Соншалықты жақын едің, соншалықты алыс ең,
Жүрегімнің қағысы едің, басқа арнаның ағысы ең.
Жан сырыңды біле тұра алып қашпа сөзге ердім,
Алып қашпа сөзге ердім де танымастай өзгердім.

Сонша жақын көре тұра жұмбақ сақтап өзімді,
Сонша алыста бола тұра жасырмадым сезімді.

Мейірімді едің сонша, соншалықты қатал ең.
Жадыраған жүзіңді ойлап сан қиялға батар ем.
Мені салып тағдырменен бетпе-бетке егеске,
Сүйе тұра келмегенің қаталдығың емес пе?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соншалықты жақын едің, соншалықты алыс ең өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Соншалықты жақын едің, соншалықты алыс ең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Соншалықты жақын едің, соншалықты алыс ең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Соншалықты жақын едің, соншалықты алыс ең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері