Қия алмай – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қия алмай» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 625
Қия алмай зорға қаласың дағы,
Аласың көзден мұң ұрлап.
Екі кездесу арасындағы,
Үзіліс неге тым ұзақ?

Екі кездесу арасындағы,
Болмайды бостық тым тыныш.
Қызғаныш, күдік, өкпе, реніш,
Сағыныш, алаң, күрсініс.

Жаңбырдың жыры, орманның биі,
Боранның күйі-ұққаным.
Қалыпқа ойым сыймағанменен,
Қалыптан бірақ шықпадым.

Талдырды мұңым, талшық етіп ем,
Өткен күндердің елесін.
Басқалар неткен бақытты еді,
Өзіңді күнде көретін.

Сұқ саусақтарым мүйізгек болды,
Есігін қағып бақыттың.
Жолықпай мүмкін кетерміз біздер,
Қанжығасында уақыттың...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қия алмай өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Қия алмай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қия алмай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қия алмай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері