Қарап бурыл шашыма

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 18.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1650
Қарап бурыл шашыма,
Алқынба деп асыға
Тақпа, досым, сын маған.
Өйткені бұл ғасырда
Әлі талай асуда
Алатын көп сыбағам.
Бұл ғасырмен бір менің
Албырт жастық күндерім.
Жарыса бір келем мен
Қуып бақыт қаңбағын.
Жұлдызын да қармадым,
Жарқылдаса төбемнен.
Дарқан дала, кең жердің
Дауылында тербелдім,
Өзенімен ақтым бір.
Жапан түзге гүл еккен
Өстім қайсар түлекпен,
Шырқағаным — бақыт жыр.
Саясында толғандым,
Сыбағам бар орманның
Мәуесінде, гүлінде.
Сол бір бақта жырменен
Көбелектей гулеп ем
Ерке жастық күнімде.
Сыбағам бар шыңдардан
Дабылдарда шырқалған,
Маған таныс өрен үн,
Құздарды сол басынған,
Жалан, төсті жас ұлдан
Жастығымды көремін.
Сыбағам бір, сырласпын,
Заманы бір құрдастық
Сүйемін мен күллісін,
Естіп талай сыр алдым,
Тыңдауға әлі құмармын
Қыз, жігіттің күлкісін.
Ойлама бұл жасымда
Жүр екем деп асыға
Алуға бір жүлдені,
Тек жылдармен жарыса,
Сүйікті бір жарымша,
Жебелейді жыр мені.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарап бурыл шашыма өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Қарап бурыл шашыма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қарап бурыл шашыма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарап бурыл шашыма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері