Рәміздерім айбыным!

Бұл бетте «Рәміздерім айбыным!» атты Дүйсенғалиева Інжу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Біз қазақпыз!
Таңбасы бар айбынды.
Әр белгіде бір мағына айтулы.
Қақ ортада белгіленді шаңырақ,
Уықтары күн нұрындай шашырап .
Баға жетпес асылымды көргенде ,
Тамсанада алты құрлық атырап!
Әнұранның сөздері бар астарлы.
Қоңыр үні жүректерде жаттаулы.
Әр нотада өк аспанның кеңдігі,
Әр жолында ғасыр демі қаттаулы.
Ер бабалар қаһарындай екпінді,
Әнұраным бар осындай мақтаулы.
Қыран құстай көкке қарай ұмтылған,
Көк туым бар қымбат күміс, алтыннан.
Нұр шашады ортасында жарық күн,
Соған қарап қанаттанып жаныппын,
Көк туымның көрінгенде төбесі
Отқайнары атқылайды шабыттың.
Көк байрағым айбарындай халықтың.
Рәміздерім мақтанышым айбыным.
Бар әлемге танытатын байлығым.
Рәміздерім жан рухымның қуаты,
Рәміздерім келешектің шуағы,
Қазақ деген ғажап ұлттың мақтаны.
Әрбір рәміз жүрегімде сақтаулы.


Пікірлер (1)

Ляззат

Әдемі!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Рәміздерім айбыным! өлеңінің авторы кім?

Дүйсенғалиева Інжу — осы өлеңнің авторы.

Рәміздерім айбыным! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Рәміздерім айбыным! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дүйсенғалиева Інжу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Рәміздерім айбыным! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері