Сыр – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Сыр» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2018
  • 0
  • 0
  • 11136
Елді ойламас ағаңның
оқ тілінен не пайда,
тамшы тамбас далаңның
от күнінен не пайда?
Бірлігі жоқ ұлыстың
көптігінен не пайда,
ұстары жоқ қылыштың
өткірінен не пайда?
Өз басынан аспайтын
азаматтан не пайда,
тасқа салсаң ақсайтын
қазан аттан не пайда?
Суарылмас семсерің
жарқылынан не пайда,
арта алмаса Ел сенім
жарқын ұлдан не пайда?
Бір-біріне от шашқан
ерлеріңнен не пайда,
құлқын үшін топтасқан
ездеріңнен не пайда?
Тыңдар құлақ болмаса
сөздеріңнен не пайда,
сертте тұрақ болмаса
төзгеніңнен не пайда?
Өресі жоқ ханзада
тақ мінгеннен не пайда,
қыран тұрып, қарғаға
бақ бергеннен не пайда?
Ошағыңда жылу жоқ –
ай көркіңнен не пайда?
Жан-әлемде тыным жоқ –
Ай мен Күннен не пайда?
Анаңның тілі – жанарың,
бабаңның жыры – жарағың,
татулық – таудай қамалың,
қасиетін қорғап даланың
қаламын десең Ел болып,
сөзіме ой сал, саналым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыр өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Сыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері