Сурет

Бұл бетте «Сурет» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 888
Айнала жым-жырт, шаңқай түс кезі.
Мөлдіреп тұнық қарақат көзі
Алысты кезіп, сағыныш билеп,
Биікте бикеш тұрды бір өзі.
Еліктей үркіп естілсе сыбыс,
Еліге толқып андаса дыбыс,
Ширығып сұлу таппады тыным,
Сезіліп секунд сағаттық тұрыс.
Кезеңнен кенет үдере шұбап;
Көп жылқы кетті көл жаққа құлап.
Телміре қарап қалыпты ару,
Қайтесің оның себебін сұрап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сурет өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сурет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сурет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сурет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері