Қабыл ал, ақын сәлемін! – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Қабыл ал, ақын сәлемін!» атты Сәбит Мұқанов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 695
Лениннен алған ардақты ат,
Алған үлгі Кировтан,
Бойыңда сенің боп қуат,
Үкімет берген бұйрықпен.
Лениннің батыр қаласы
Тар күнге төздің болаттай!
Жалын күшін, аластап,
Жандырды жауды жолатпай.
Түнеріп түндей қаптауды
Алды фашист ойына,
Жетпеді қолы, Қап тауы
Секілді сенің бойыңа.
Жайнаған гүлі жеріңе
Дегенде «у жаямын»
Денесі қанға көміле
Қиратты фашист аяған.
Құшағын жаудың серіпкенде,
Жігерді бойға жиыра,
«Жау күші оған жеткен бе?»—
Деп таңданды дүние.
Ерлігіңе дүниеде
Дұшпан жылап, досың шат.
Тарихта алтын сиямен
Жазылды «жойқын батыр» ат.
Ерлігіңді етіп жар
Шалқыса ақын жан сала,
Тарихта талай ұрпақтар
Тыңдайтын болды тамсана.
Жүз жастағы Жамбылдың
Ұрпақтары біз-дағы,
Зор тарихқа қосып үн,
Жұмылдық жолдар сызғалы.
Ардақты Ленин қаласы,
Жырдан сыйды қабыл ал!
Ұзақ жырдың бұл басы
Жалғасы мұның талай бар.
Союзда талай кендердің
Бай қоймасы атанған,
Қазақстан өндіріп
Қарулар берсе металдан.
Тарықтырмай тойғыза,
Берсе саған тәтті ас,
Қыраулы қыс, көк мұзда
Жылытса, қоймай жалаңаш.
Ақындары қазақтың
Сыйлаймыз қару жырдан да.
Жайратар ажал азапты
Жырымыз оқ сұмдарға.
Қазақтың батыр ұлдары,
Жауыңды сенің жойысса,
Жыр да жауды қырғалы
Аттанады сайысқа.
Поэзия маршалы
Жамбылдан алып команда,
Ақын да жауды шаншады,
Мұқалмайды қалам да.
Лениннің батыр қаласы,
Жырдан сыйды қабыл ал,
Ұзақ жырдың бұл басы,
Жалғасы мұның талай бар.

1942


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қабыл ал, ақын сәлемін! өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Қабыл ал, ақын сәлемін! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қабыл ал, ақын сәлемін! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қабыл ал, ақын сәлемін! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері