Газеттің досы — тілшілер – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Газеттің досы — тілшілер» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 723
Кедейдің соғып сойылын,
Кедейдің тілеп тойымын,
Ойлайтын қамын тереңнен,
Газеттің досы — тілшілер.
Ұямен6 қол ұстасып,
Кедейдің көшін бастасып,
Байсалды жерге жөнелген
Газеттің досы — тілшілер.
Бұзықтармен күресіп,
Талайын түйреп түгесіп,
Қауіптен қорықпай түнерген
Газеттің досы — тілшілер.
Шаруаға кез болып,
Қисық іске тез болып,
Игілікке бастайтын —
Газеттің досы — тілшілер.
Бітірер ісі өнімді.
Еңбекке жегіп өмірді,
Еңбектен тайып қашпайтын
Газеттің досы — тілшілер.

1926


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Газеттің досы — тілшілер өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Газеттің досы — тілшілер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Газеттің досы — тілшілер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Газеттің досы — тілшілер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері