Миф және шындық

Бұл бетте «Миф және шындық» атты Сәбит Мұқанов жазған шындық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1314
(Гректің батыр ұлы Манолис Глезостың Совет Одағына келуіне)

Прометей атаулының бәрінен
Глезосты күштірек деп білемін.
Зевс түгіл Гитлердің әлінен
Келмеді жеу, жалын атқан жүрегін.
Фашизмнің бар салмағы басқанмен,
Жарылмады, үдей соқты бұл жүрек.
Басқан сайын бой теңесіп аспанмен,
Дауылдан да асқақ үні кетті үдеп,
Бостандықшыл осынау үнді сұрапыл,
Адамзатта естімеген қалмады.
Шындықтағы болып бейне Геракл
Күшін, ісін туған елге арнады.
Қылғындыра қысып Минотаврды
Жақын қалды жұтқыншағын үзуі.
Бостандықшыл кемеге ту тағылды,
Теңіздерде жақын еркін жүзуі.
Батыр грек Олимпіне өнердің
Адамзатқа бірінші боп жол ашқан,
Атасысың сансыз ғажап өреннің,
Ерлік ісі бір біріне ұласқан.
Бай тарихың «тәңіріге» толғанмен,
Болғаны жоқ ерлеріне мәңгі дос.
Глезосқа сарқылмайтын берген дем,—
Ұлы Ленин — қиял еткен Гелиос.
Шолып Ленин күнде жердің алабын,
Сәуле септі әлемге алтын арбамен.
Қиындықтың бұзып талай қамалын,
Безендірді ғажап орақ-балғамен.
Грек елін тұншықтырған түн матап,
Тұңғиықтан құтқаратын ер осы.
Лениншілдік қонған бойға зор атақ,
Гелиостың Глезос шын Эосы.

1963


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Миф және шындық өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Миф және шындық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Миф және шындық өлеңі не туралы?

Бұл шығарма шындық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Миф және шындық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері