Ағып түскен аспаннан жұлдыздайын – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ағып түскен аспаннан жұлдыздайын» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 834
Ағып түскен аспаннан жұлдыздайын
Ағараңдап көрiнер күндiз қайың.
Таппай ыңғай мен жүрмiн тiлдесуге,
Ақ қайыңдай сылайды бiр қыз бойын.
Қасы-көзi,
меңi мен өңi қандай?!
Екi тумас сұлуды өмiр ондай.
Жүрген сəтi – Ай көкте жүзгенiндей,
Күлген сəтi – сыңғырлы қоңыраудай.
Шашы қандай хош иiс, қою, қалың?!
Өрiлгенiн,
көрсең-ау жайылғанын!
Мөлдiреген жанары мойылдайын
Айтпай бiлiп қояды ойыңдағын.
Айқабаққа жарасқан ашық маңдай,
Кiрпiгiнен күмiс шық шашылғандай.
Бал лебiзi құйылар жүрегiңе
Өмiр бойы аңсаған асыл жандай.
Қарақат көз,
Ақық тiс,
Қаймақ ерiн...
Жұтсаң, шiркiн, жұпарын – майда лебiн!
...Екi жалған дүниеде жетпесе де
Қайран жүрек, созады-ау Айға қолын!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағып түскен аспаннан жұлдыздайын өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ағып түскен аспаннан жұлдыздайын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағып түскен аспаннан жұлдыздайын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ағып түскен аспаннан жұлдыздайын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері