Құшағын жайған саған, жайған маған – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Құшағын жайған саған, жайған маған» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 697
Құшағын жайған саған, жайған маған
Жаз өтті жайма-шуақ жайраңдаған.
Қазір-ақ қасыңа ұшып барар ем-ау,
Қайран-ай, қанат бітсін қайдан маған!.
Көктемнің қуаң тартып түз, белдері
Моншағын кірпігінен үзген бе еді?
Əйтеуір күн жылауық болып алды
Маңайға мұңын шағып күз келгелі.
Саудырап жел сапырған cap жапырақ,
Құлазып бір-ақ сəтте қалды атырап.
Аялсыз,
Алқын-жұлқын,
Алашапқын
Уақыт дегеніңде бар ма тұрақ?
Жабырқап жадау қүндер өткені үшін,
Білемін, жаным, маған өкпелісің.
Көзімнің тамшыларын тізіп алып
Барады көтеріліп көкке құсым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құшағын жайған саған, жайған маған өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Құшағын жайған саған, жайған маған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құшағын жайған саған, жайған маған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құшағын жайған саған, жайған маған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері