Қарағым, сiз қайдағы, бiз қайдағы – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қарағым, сiз қайдағы, бiз қайдағы» атты Исраил Сапарбай жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 643
Қарағым, сiз қайдағы, бiз қайдағы...
Көңiлдi, көктем көшiп, күз жайлады.
Құздан да биiк бiлем қыз құзыры,
Қылдан да нəзiк бiлем қыз байламы.
Сен кеттiң алты қырдан асып əрмен,
Апталды Алатаудың басы қармен.
Астынан алты қырдың «əу» дер болсаң,
Асығым алшы тұрып... асығар ма ем!
Астынан алты қырдың «əу» дегенiң
Жаңғыртып жатса, шiркiн тау көлемiн!
«Кетпейсiң күндiз естен, түнде түстен,
Басымды сонша немен əуреледiң?»
Бұл əндi кiм айтады бiзден бөлек,
Болмаса Хақтан хабар, сiзден дерек?
...Саусағын қайдан жайсын Айға қарай,
Үмiтiн үф еткен жел үзген желек?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарағым, сiз қайдағы, бiз қайдағы өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қарағым, сiз қайдағы, бiз қайдағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарағым, сiз қайдағы, бiз қайдағы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қарағым, сiз қайдағы, бiз қайдағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері