Қыз-қырқынның қып-қызыл ішіндемін – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қыз-қырқынның қып-қызыл ішіндемін» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 908
Қыз-қырқынның қып-қызыл ішіндемін,
Өңіндемін,
Біреудің түсіндемін...
Бұтағына Өмірдің қонып алып
Əр жүректе сайрайды құсым менің.
Сайрамайды –
Жылайды, мұң шағады,
Қыршынынан қиылса гүл сабағы.
Гүлді көрсе,
Гүл терген қызды көрсе,
Жұмыр жердің жүрегі жұмсарады.
Жібек қайда бүгінде, Баян қайда?
(Құшағымды, құдай-ау, жаям қайда?)
Қалғып кеткен жерінен оралмай ма?
Ұйықтап кеткен жерінен оянбай ма?
Қайта туып, дүние жаңарар ма?
Заман мынау жарай ма жамағанға...
Қыз Жібек пен аяулы Баянымды
Қыз-қырқынның ішінен таба алам ба?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз-қырқынның қып-қызыл ішіндемін өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қыз-қырқынның қып-қызыл ішіндемін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз-қырқынның қып-қызыл ішіндемін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз-қырқынның қып-қызыл ішіндемін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері