Қас-қабағың, шырайың – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қас-қабағың, шырайың» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1172
Қас-қабағың, шырайың –
Менiң ауа райым.
Ашық күнiн аспанның
Бiр Алладан сұрайын.
Аятындай Құранның
Əр сөзiңдi құп алдым.
Неге саған iңкəрмiн?
Неге саған құмармын?
Лебiзiңе – үр самал
Балдай балқып жұмсарам.
Менiң көңiл күйiм де
Байланысты бiр саған.
Жалғыз жүрек, бiр жанның
Жайын таппай жындандым:
Неге сонша бəйекпiн?
Неге сонша құрбанмын?
Қайырмасын мұңды əннiң
Қайыл қалып тыңдар кiм:
Неге кештеу бүрленiп,
Неге кештеу гүл жардым?
Тұнжырайды түн саған,
Елжiрейдi Күн саған.
Аясында көзiмнiң
Айналайын, жүршi аман!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қас-қабағың, шырайың өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қас-қабағың, шырайың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қас-қабағың, шырайың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қас-қабағың, шырайың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері