Мені қалап, мені ұғатын жан бар ма? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мені қалап, мені ұғатын жан бар ма?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 665
Мені қалап, мені ұғатын жан бар ма?
Мейіріме қанығатын жан бар ма?
Оңашада қалғанда бұл жалғанда,
Сағынатын, қамығатын жан бар ма?
Қолтығымнан демейтұғын жан бар ма?
Есіркейтін, елейтұғын жан бар ма?
Періштедей пері соққан пендесін
Желейтұғын, жебейтұғын жан бар ма?
Мені сүйіп, ұнататын жан бар ма?
Жылататын, жұбататын жан бар ма?
Құдайына құлдық ұрып, құзырын
Құбылаға құлататын жан бар ма?
Қолтықтағы қос қанатым талғанда,
«Қош, дəурен...» деп Қорымжайға қонғанда,
Екі кештің арасында елжіреп
Еске алатын,
Кеш қалатын жан бар ма?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мені қалап, мені ұғатын жан бар ма? өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Мені қалап, мені ұғатын жан бар ма? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мені қалап, мені ұғатын жан бар ма? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мені қалап, мені ұғатын жан бар ма? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері