Қынай бел – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қынай бел» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 866
Қынай бел,
Құбакан қыз,
Пісте мұрын,
Көзіңнен көңіліме түссе нұрың,
Анамдай туған Айға арзу айтқан
жасармын «жарылқа» деп іштен ырым.
Қапысыз көрген көңіл сүйіп қалар
көзге ерте көрікті қыз күйік болар.
Майдайын ерітетін жүрегіңді
момақан бір жымиыс миықта бар.
Жарасып сол жымиыс, сол ибалық
санаға сəуле себер сəби қалып.
Ізіңе жүріп өткен гүл жайқалып,
Жүзіне қарайтындай жəми халық.
Құрбы қыз,
Құралай көз,
Қынай белім,
Сенбісің Абай сүйген шын Əйгерім?!
Айрылып Тоғжанымнан қалғаннан соң
қайрылмас енді ешкімге сыңайлы едім.
Қайрылдым,
Қайрылмасқа еркім болмай.
Көзіңе екі кəусар көл тұнғандай.
Сан жылдар сары алтындай сақтап келген
болмассың бойымдағы өртімді алмай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қынай бел өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қынай бел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қынай бел өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қынай бел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері