Құйттай ғана құлыным – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Құйттай ғана құлыным» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 723
Құйттай ғана құлыным,
Жүз айланып жүзбір рет толғанам.
Толғанудан шаршамаймын таң қалам.
Байқамаймын уақыттың өткенін,
Тоқтап қалған сияқтанып бар ғалам.

Сәл көрмесем алаңдадым шөлдедім,
Сыйладың сен тәтті күннің ермегін.
Қалыңдау деп, әлде жұқа болды-ау деп,
Жүз қозғаймын бесігіңнің жөргегін.

Ауыстырып бесік жырға күйімді,
Доғардым мен кештер менен жиынды.
Ақ жүзіңе қонады-ау деп шаң келіп,
Қайта- қайта тазаладым үйімді.

Қайдан алдым ұшан теңіз сезімді?
Елжіреймін қадағанда көзіңді.
Саған сая болу үшін қас-қағым,
Өркен жайған талға ұқсаттым өзімді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құйттай ғана құлыным өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Құйттай ғана құлыным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құйттай ғана құлыным өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құйттай ғана құлыным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері