Сен мен үшін өлген күн – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Сен мен үшін өлген күн» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 621
Болды ақыры сен мен үшін өлген күн,
Тағдыр дейтін төрешіге көнген күн.
Өзі отырған үй орнына жерленген,
Жамбыл сынды жүрегіме жерлендің.

Ол мені әлі сүйеді деп аптығып,
Қуаныштан көздеріңе бақ тұнып.
Үміттенбе.
Ұмытқандай сен жайлы,
Соқпас жүрек көкірегімді қатты ұрып.

Нағыз қыран өлсе өледі құзардан.
Шын махаббат ақын үшін ұлы арман.
Күлтегінше бұйрық етті бұл жүрек,
Сатқындарын қатарынан шығарған.

Соның бәрін білген кезде сенделдім,
Туған жердің ауасымен емделдім.
Таң қаламын, жылағам жоқ тіпті мен,
Жүрегімнің бұрышына жерлендің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен мен үшін өлген күн өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Сен мен үшін өлген күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен мен үшін өлген күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен мен үшін өлген күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері