Алмасы да албыраған қалада – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Алмасы да албыраған қалада» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 578
Жылжып емес, жылдар зулап бара ма?
Өшпейтіндей із қалдырып санаға.
Келдің несін сезіміңді өртке орап,
Алмасы да албыраған қалаға?

Шырақтармен сəлемдесіп жұлдыздар,
Үкідейін үлбірейтін гүл қыздар.
Бізден биік жандар мұнда тұрған деп,
Асқақтығын жасыратын шың құздар.

Есеңгіреп ұзақ жауған жаңбырдан,
Жанды ұмытып көңілімді қалдырған.
Алмасы да албыраған қалада,
Несін ғана шықтым екен алдынан?!

Қызыл көйлек сақта мені желіктен,
Ессіз желмен бұрын ойнап көріппе ең?
Арыстанның дəтін сезген алапат,
Тағдырым бір жалбарынған елікпен.

Аяладың, қонған еді солай бақ,
Аттанғансың қайта-қайта қарайлап.
Алма пысты, түсті жерге, ал менің,
Жүзім əлі албырайды сені ойлап….


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алмасы да албыраған қалада өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Алмасы да албыраған қалада өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алмасы да албыраған қалада өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алмасы да албыраған қалада өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері