Сен едің – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Сен едің» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 625
Жанымды алғаш жылыттырған таңдандырып ай,күнді,
Күліп тұрып ұмыттырған қасірет пен қайғымды.
Көп дауыстың арасынан жалт қаратып өзіне,
Жетелеген жүзейік днп өмір деген айдынды.

Түнде түске оянғанда ойға келіп ертемен,
Нәзік сымға сырын қосқан қыйыр жатқан өлкеден.
Салқын таудың секемшілдеу,салқын қанды бір қызын,
Жүрегінің жалынымен жастығымен өртеген.

Содан бастап жүрегіме бір сыр болып құйылған,
Қыран болып құшып кетер ұшып келіп қыйырдан.
Адамдық пен тіршілікте адалдыққа сыйынған,
Арым кетсе тірлігімнің құны арзан деп тыйыннан,
Сағындыртып жүрегімнің барабанын жиі ұрған.
Сен едің!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен едің өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Сен едің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен едің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен едің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері