Әгигәу-гигәй – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әгигәу-гигәй» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1296
Басы биік Бұлғын тау мұнарланған-ей,
Өзен ағып баурынан – ей, сылаңдаған.
Әгигәу-гигәй.

Орман іші аң тола өрмелеген-ей,
Бұлбұл сайрап қырынан-ей бұлаңдаған.
Әгигәу-гигәй.

Сәлем де қалқатайға,
Дұғай-дұғай.
Әгигәу-гигәй.

Бұғы, марал, тауешкі, арқар, құлжа-ей.
Өсіп-өніп қоңыр аң жылдан жылға,
Әгигәу-гигәй.

Бұлғын тауы шаттанам көрінгенге-ей,
Әнге қосқым келеді құйқылжыта,
Әгигәу-гигәй.

Дәйім менің мінгенім мұз көк ала-ай,
Сала алмас осы әнге бала, әгигәй.

Сәлем де қалқатайға,
Дұғай-дұғай.
Әгигәу-гигәй.

Сай-саладан құйылған мөлдір бұлақ-ай,
Үн қосады суына құстар шулап.
Әгигәу-гигәй.

Жазғы самал аймалап беттен сүйіп-ай,
Қолын бұлғап тұрғандай кел мұндалап.
Әгигәу-гигәй.

Сәлем де қалқатайға,
Дұғай-дұғай.
Әгигәу-гигәй.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әгигәу-гигәй өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Әгигәу-гигәй өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әгигәу-гигәй өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әгигәу-гигәй өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері