Бір ғана сәт – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Бір ғана сәт» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1166
1
Асықтырып күміс қанат құс мені,
Айтылар сөз аузыма да түспеді.
Бір ғажайып билеп еді күш мені,
Япыр-ау сол, өңім емей түс пе еді!
Япыр-ау сол, өңім емей түс пе едің?
О, уақыт осы-ay сенің үстемің.
Жөнеліпті-ау бұрылтып бір қаратпай
Әміршім боп сонау болат құс менің.
Сонан бері жыр сенделіп жүр лағып,
Үміт отын бір сөндіріп, бір жағып.
Кілті екен-ау бір тағдырдың бір-ақ сәт
Кірпігіңді алғанындай бір қағып.

2
Үлгермесең жетер жерге, азардан,
Құтылмайсың арылғанша ажардан.
Қадірін айт ұшып кеткен бір сәттің
Айырып дәл қалған сынды ажалдан.
Бір-ақ сәт-ау көңіл көкке өсері,
Бір-ақ сәт-ау типыл болып өшері.
Күллі өмірге бар бақытты, достарым,
Болады екен бір-ақ сәттің шешері.
Тағы осы сәт отты үрлеп жанбаған,
Өрт қылады, мерт қылады, нан маған!
Кейде тірлік тірегі де бір-ақ сәт,
О, уақыт, құзырыңа таңданам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір ғана сәт өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Бір ғана сәт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір ғана сәт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір ғана сәт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері