О, дүние! – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «О, дүние!» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 858
О, дүние!
Азамат берген уәде
Тәуліктен аспайтын болды.
Екі айтып, екі сөйледім-ау деп
Ол әсте саспайтын болды.
Аймақтан алар ғибрат жоқ,
Талпынған сана қоспайтын болды.
Адамгершілік бұл күнде
Ақшасыз аяқ баспайтын болды.
Қоғамдасын қолдайды,
Қауыммен қатар басқанға дейін.
Әріптесің қолдайды,
Өзімен қатарласқанға дейін.
Бұдан соң,
Бәрі жасқауға бейім,
Іздейсің, достым,
Бас сауға кейін.
Арғы да бергі өмірден
Тап өнер мәңгі көмілген.
Сен мені жерлеп қойсаң да,
Ән-жыр боп өтем өмірден.
Қарғалардың арасында
Бұлбұл сайрап әні болмас.
Көлсіз жерде шаңқылдаған
Шағаланың сәні болмас.
Топас, тобыр арасында
Ақын сөйлеп мәні болмас.
Ақымақтар арасында
Ақыл сөйлеп ары қалмас.
Жүрегіңді зар жайласа,
Жеген балдың дәмі болмас.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

О, дүние! өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

О, дүние! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

О, дүние! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

О, дүние! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері