Жақсы адам деп мен айтсам – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жақсы адам деп мен айтсам» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 548
Жақсы адам деп мен айтсам,
Кей мұрттар кетер жыбырлап.
Тұтанғыш кейбір арулар
Тұра алмас тіпті шыбындап.
Жақсы адам деп мені айтса,
Ауызын тырнап ерінің,
Жоқты бар қылып жосылтып
Шүйірер білем ерінін.
Жақсыға құштар әркім-ақ
Жасырамыз несіне
Бірақ та бәрі болмайды
Сен ойлаған несібе.
Жақсыны танып жақсы деу
Адамдықтың белгісі.
Артықтығын өзгенің
Айтар тек пейлі кең кісі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақсы адам деп мен айтсам өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жақсы адам деп мен айтсам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жақсы адам деп мен айтсам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жақсы адам деп мен айтсам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері