Қараптан-қарап – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Қараптан-қарап» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.07.2021
  • 0
  • 0
  • 688
Қараптан-қарап
кішірер денем,
қара бір көзден жас парлап —
қалқамның өзі түсінер деумен
қалжың айтып ем
астарлап.
Түсіне тұра
әзілге бұрып,
күлгендей болдың сен мүлде,
Жүректің тұсын
назың кеміріп
бара жатқанын көрдің бе...
Желдеп те көрдім,
селдеп те көрдім,
жолыңа төсеп нұрдан құт,
Басымды байлап бермек те болдым
бөсіңе сенің құрбан қып.
Айтқызып қойған кісіге өтірік,
қарымы қысқа хал мынау, —
Апыр-ау, жаным, түсіне тұрып,
түсінбеген боп...
қалдың-ау!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қараптан-қарап өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Қараптан-қарап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қараптан-қарап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қараптан-қарап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері