Ауылға сәлем – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Ауылға сәлем» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 2434
Ел жаққа кетіп барам де...
Сәлем айт онда бәріне,
Өзі де келіп қалар де,
Жолыққан жасқа, кәріге.
Достарға жете «қағынып»,
Саласыңдар-ау бір «гөлайт»,
Мені де бәрін сағынып,
Сағынып қатты жүр деп айт.
Арнайы сәлем ауылға
Айта бар осы барғанда.
Тұрған шығар-ау тауым да,
Шалқая қарап жалғанға.
Қарттарым қанша бар елде,
Татпаған менсіз таңда дәм.
Бәріне менен сәлем де
Сағынып жүр деп жан балаң.
Сәлем айт,
Көрсең қыз-қылаң,
Жазатын сирек хат қана,
Көтеріп мені ызғыған,
Сәлем айт ақбоз атқа да.
Ақбозым жүзіп су ішкен,
Өзенге сәлем Тентектей.
Сәлем айт досқа туыспен
Әр сөзі болған ертектей.
Сәлем айт туған далама,
Теңізге табан тіреген.
Көзіңді қырға қада да,
Оқып бер менен бір өлең.
Сағынып,
Қанша өртенгем,
Жайым жоқ шалқып, шайқалар,
Барып та қалам ертеңдер,
Бәріне сәлем айта бар.
Өзі де мұнда құмар де,
Кетпейді деп айт тегі елден,
Осында келіп құлар де,
Айырса «құдай» елеңнен!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауылға сәлем өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Ауылға сәлем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауылға сәлем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауылға сәлем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері