Бұл бетте «Әкімдік» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақылсыз басшы – сор елге,
тылсымда жұрты тал қармар.
Маңырап халқы көгенде,
тақсыр боп өзі талтаңдар.
Жайы жоқ елдің жақ ашпақ –
жалпақ жалғанды тарылтар.
Ақылдыларды аластап,
жалпаң қаққанды жарылқар.
Сан жұрттың сүртіп мекенін,
патшалар құртқан құлқы мал.
Кім қара, кім ақ екенін
жылдар өткесін жұрт ұғар.
Бақыты тайған сорлы елге
бұйырмас басшы бір туар.
Кісіліктің құны жоқ жерде
әкімдікке адам ұмтылар.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі