Ұлы отан – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Ұлы отан» атты Алма Түсіпбекова жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 859
Алауыртып атқан кезде құба таң,
Кең даламды, ен даламды ұнатам.
Кіндік қаным саған тамған – ыстықсың,
Атыңыздан айналайын, Ұлы Отан!
Бабалардан аманат боп жеткен жер,
Тіршілікте тірегімсің – тек сендер.
Бауырыңда – күнге ұмтылған көктемдер,
Тереңіңде – өксік толы өткендер...
Шыңдарыңа сан қайралған айбыным,
Сенсің менің баға жетпес байлығым.
Шуағыңмен маңдайымнан сипадың,
Айналайын, ай-күнім!..
Өмір деген осы екен ғой, бәрі – ағын,
Өздеріңе ойға батып қарадым.
Тынып ақтың, тереңіңе сыр бүгіп,
Өр мінезді өзендері даланың.
Қандай сырды бір өзіңнен жасырам?
Туған жерім!
Тек өзіңе бас ұрам.
... Қап тауының қап алтыны көп төмен,
Туған жердің түйір қара тасынан!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлы отан өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Ұлы отан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлы отан өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ұлы отан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері