Несіне – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Несіне» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 609
Несіне аспандаймын,
Асып жатыр әлі күн бастан қайғым.
Бақытының тамырын балта шапқан,
Тасмаңдаймын.
Несіне төмендеймін,
Тартамын тұңғиыққа – тереңдеймін.
Бесігі ұлағаттың ұлтым үшін,
Елеңдеймін.
Несіне қуанамын,
Қуарып бара жатыр бұла-бағым.
Халықтың көтеруге жарадым ба,
Мұң-азабын?
Несіне қайғырамын,
Жаныма жапырағын жайды бағым.
Қазақтың қасіретін маңдайынан
Тайдырамын.
Несіне жыр жазамын,
Арқалап адамзаттың күллі азабын.
Дегенмен...
Арман бар ма, жырдан соқсам,
Алаштың таңдай қағар бір ғажабын?!
Жыр жазамын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Несіне өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Несіне өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Несіне өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Несіне өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері