Өлім – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Өлім» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1701
(аударма)

Мен талай тірілгенмін
мәңгі екенін паш етіп жұмыр Жердің.
Енді өлемін. Айналам топыраққа,
Естімеймін бірін де дүбірлердің.
Естімеймін күлкісін сүйіктімнің,
Естімеймін ыскырған үнін желдің.
Естімеймін үстінен қабірімнің
толқын ба әлде адам ба - жүгірген кім?
Бай мырзалар өлімнен қашқан, жүдә,
Қара жердің кегінен жасқанды ма.
Жұмақ жасап алуға тірі кезде
бөлісуге тырысады аспанды да.
Мен жұмаққа баруға талпынбадым,
Қара жердей, шүкірлік, бар құндағым.
Енді мейлі енемін құшағына,
Жер үстінде мен талай жарқылдадым.
Мен ажалды кедейше қарсы аламын,
Олар ылғи ұмытып шаршағаыын,
өлім жайлы ойлауға уақыт таппай,
білем бақыт туралы аңсағанын.
Біреулерге жұмақ та жасайды олар
Және соған төгеді қанша қанын.
Бәрі де өтті пәниден, бәрі кетті,
Мықтыға да ажалдың әлі жетті.
Таңдамайды жынысын, бай, жарлыны,
Өлім деген осындай әділетті.

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлім өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Өлім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері