Сен едің ғой, ақ қағазға қан құсқан –
Алма Түсіпбекова
Бұл бетте «Сен едің ғой, ақ қағазға қан құсқан» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айналайын қаламым!
Сен – емі едің, жанымдағы жараның.
Бет пердесін өзің аштың – аланың,
Сен бар жерде сейіледі алаңым!
Көзім жазып қалған кезде ар-құстан,
Сен едің ғой, ақ қағазға қан құсқан.
Қасірет кеп қадалғанда көзіме,
Жанарымның жасын құйдым өзіңе.
Жәдігөйлер салған кезде жат ұран,
Сен арқылы төккем талай запыран.
Мөлт-дүние сыйлағанда мөлдір мұң,
Қалам!
Сені жазуға оны көндірдім.
Бұлдыр-күнде маған серік – сен ғана,
Тұлдыр-түнде маған серік – сен ғана…
Айлы түнде қанат біткен қаламым,
Не аңғардың сұлбасынан сананың?..
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі