Жайым да мәлім, күйім де – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жайым да мәлім, күйім де» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 656
Жайым да мәлім, күйім де,
бесінге қарай күн ауып,
оңаша жатып үйімде
ойланған болам бірауық.
Айтылды біраз далбаса ән,
қызуы қысқа өтті жаз,
бойымды жаза алмасам,—
болды ма көрген тепкім аз!
Тозығы жеткен, көйлектей,
болды ма тірлік бұл қалай?
Ой жеткен жерге — бой жетпей,
амалдың құрып тұрғаны-ай!
Көнбейтін ешбір дәріге,
кеудемді жеген түрлі у бар,—
алдымды орап,
әлі де
алдайды күліп бір қулар.
Не болар екен ендігі ел,
тағынан тағы құлады Ар.
Ақылға бәрін жеңдірер,
таппадым ойлап бір амал.
Күнікейіңмен күң бірдей,
қазағым, қандай жұрт едің.
Азамат Ерің жүр білмей
қылышын кімге сілтерін.
Жайымен кетпес жақсылар,
жазылар бойы деген ек,—
берекесіжоқ "бақсылар"
басыма шықты-ау, не керек!
Жобалап атып жүр мерген,
жораға мүлдем жүрмей сын.
Кіжініп барып,
кімдермен
күресеріңді білмейсің!
Бесінге қарай күн ауып,
келе алмай ешбір түйінге,
Осыларды ойлап бірауық,
жатам да қоям үйімде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жайым да мәлім, күйім де өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Жайым да мәлім, күйім де өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жайым да мәлім, күйім де өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жайым да мәлім, күйім де өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері