Оғыланды отқа сап отыз жеті – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Оғыланды отқа сап отыз жеті» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 563
Құсаланып көңілдей құба белім,
Қайғы жұтып, ішінен тынады елім.
Оғыланды отқа сап отыз жеті,
Орға жықты рухтың Құлагерін.
Қарық болып көрмеді-ау қағанағым,
Запыраны ішімде-замананың.
Саясаттан көрмедім сұрқияны,
Анық байқап, арысты қанағанын.
Нәумез күннің бейдауа наласынан,
Ине жұтқан иттей боп аласұрам.
Аттарыңды атауға қорықты елім,
Шыға жаздап көздері шарасынан!
Серпілсін деп басынан түнегі елдің,
Ерте ояндың.
Ту алып түрегелдің.
«Жаусың» деді жандайшап, кісен салып,
«Ел үшін ғой» дедің де... жүре бердің!..
Шайқалумен шерлі елдің шаңырағы,
Қасиеттің қамбасы қаңырады.
«Ерім» деді Есілің егілумен,
Ақ Жайығың аһ ұрып аңырады.
Басқа түсіп тағдырдың сан сүреңі,
Адалдықтың өртенді шамшыл өңі.
Арыстарын жоқтаумен аспан құлап,
Үгітілді құм болып тау сілемі.
Жоқтау үнін желменен жарыстырып,
Зар жылады кең дала дауыс қылып.
... Мерейімді әлемге үстем етті,
Өзіңді елмен Еркіндік табыстырып.
Келгенімен тағдырдың сұрапылы,
Текті жанның қашаннан мұраты ұлы.
... Есіміңді егіліп есіне алып,
Жыр оқиды еліңнің бір ақыны!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оғыланды отқа сап отыз жеті өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Оғыланды отқа сап отыз жеті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оғыланды отқа сап отыз жеті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оғыланды отқа сап отыз жеті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері