Қазақша күрес – Көмек Ыбрайұлы

Бұл бетте «Қазақша күрес» атты Көмек Ыбрайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Осал жағын көп бағып,
Қарсыласыңды алып ұр.
Мықты біреу шот салып,
Жығып кетер бәрібір.
Күресем деп шығыпсың,
Еңсеңді сен, тұр, көтер.
Алып ұрсаң, жігітсің,
Жердің шаңы «бұрқ» етер.
Ақырын жүр, алданба,
Тәсілі оның бар басқа.
Сәл тікейіп қалғанда,
Сал бәленді жамбасқа!
Айлакер ол,
Байқарсың,
Сүріндің бе, тұрып кет!
Күрес маңы айқай шу,
Ұран, ақыл, үгіт көп.
Әне біреу ән сап тұр,
Әне біреу жар сап тұр.
Палуан да шаршап тұр,
Көрермен де шаршап тұр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақша күрес өлеңінің авторы кім?

Көмек Ыбрайұлы — осы өлеңнің авторы.

Қазақша күрес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақша күрес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Көмек Ыбрайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақша күрес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері