Төлегенше толғану – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Төлегенше толғану» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 553
Мен сендерді алдамаймын, адамдар...
Төлеген АЙБЕРГЕНОВ

Құпиямды айтайыншы, саған бар:
Ақын едім, өмір мәнін бағамдар.
Тағдырымнан тепкі көріп жүрсем де,
«Мен сендерді алдамаймын, адамдар»!
Қашаннан-ақ қасиеттің пәрмені ем,
Алдамаймын!
Егіз туғам арменен.
Шағынарым, табынарым – жыр еді,
Түнектерде жалын болып жанды өлең.
Даралардың дастан етіп жақсы ісін,
Адалдықтың аяладым ақ құсын.
Мейірімге шөліркеген жүрегім,
Ізгіліктен өз орынын тапты шын.
Көңіліме көрік берген кең далам,
О, адамдар!
Алдамаймын!
Сен маған.
Адамзатты алдамауға шақырған,
Төлегеннің қарындасы мен болам!
Жалғандық – от.
Жақындама отқа тым,
Алдамаймын!
Оған менің жоқ хақым.
Тура жолдан тайып кетсем егерде,
Тәңір маған тапаншасын оқтасын!
Өмір – осы, жыласам да, күлсем де,
Мақсатымның мән-маңызын біл сен де.
«Мен сендерді алдамаймын, адамдар»,
Алдамаймын!
Сан алданып жүрсем де...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төлегенше толғану өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Төлегенше толғану өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төлегенше толғану өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төлегенше толғану өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері