Кейде көктем, қыс кейде
Бұл бетте «Кейде көктем, қыс кейде» атты Қанипа Бұғыбаева жазған табиғат туралы өлең берілген.
Кейде көктем, қыс кейде,
Оралмайды кешегің.
Шын махаббат түс бейне,
Сипап қалар төсегін.
Қалып кейін жеңіл ой,
Мұң аршымай көкірек.
Қателеспес едім ғой,
Келсе жастық екі рет!
Сезім қанда дір еткен,
Үміт балаң көк шынар.
Жалын шайған жүрекпен,
Сүю күшке от шығар!..
Ауа жайған аңсарым,
Шаштарыңды түзетіп.
Тисе кенет саусағым,
Күйетіндей шыж етіп!
Сені құшып сүюге,
Жеткенімен ақылым.
Жұпыны осы күйімде,
Жетпейтіндей батылым.
Кейде көктем, қыс кейде,
Жанарымда толы мұң.
Шын махаббат түс бейне,
Сипап қалар орынын!..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі