Армандылар өткен екен аһ ұрып – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Армандылар өткен екен аһ ұрып» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1022
Армандылар өткен екен аһ ұрып,
Кеудесінен қайғы көлін сапырып.
Кейінгілер есіне ала жүрсін деп,
Өздерін де тас қып кеткен қатырып.
Армандылар қалу үшін мәңгілік,
Көз біткенді естерінен тандырып,
Кейінгілер есіне алып жүрсін деп,
Өздерін ол от қып өткен жандырып!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері