Махаббат, мен саған қарыздармын! – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Махаббат, мен саған қарыздармын!» атты Алма Түсіпбекова жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1127
Біреуге ғашық қылғаның үшін,
Арманға асықтырғаның үшін,
Теңіздей тасып тұрғаның үшін-
Махаббат!
Мен саған қарыздармын!..
Тұңғиық сезімге батырғаның үшін,
Таңдарды ұйқысыз атырғаным үшін,
Айықпас мұңға шатылғаным үшін -
Махаббат!
Мен саған қарыздармын!..
Күттіріп мені, сағындырғаның үшін,
Бейнеңе мәңгі табындырғаның үшін,
Беймаза күйге бағындырғаның үшін –
Махаббат!
Мен саған қарыздармын!..
Шаттық боп маған келгенің үшін,
Қуаныш кілтін бергенің үшін,
Ертеңгі күнге сенгенім үшін –
Махаббат!
Мен саған қарыздармын!..
Кей кезде мені жылатқаның үшін,
Жауаптары жоқ сұрақтарың үшін,
Дегенмен...
Мені ұнатқаның үшін –
Махаббат!
Мен саған қарыздармын!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббат, мен саған қарыздармын! өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Махаббат, мен саған қарыздармын! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббат, мен саған қарыздармын! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Махаббат, мен саған қарыздармын! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері