Мен қағазға тағдырымды көшірем – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Мен қағазға тағдырымды көшірем» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 649
Қара түн кеп басқан кезде иықтан,
Мұң келеді, күліп қойып миықтан.
Сосын... жанның жақпарынан жай ұшып,
Сезім тұрар, қабырғасы қайысып.
Жан-жағымнан қаумалайды көп сұрақ,
Қараңғылық.
Жағатұғын жоқ шырақ.
Өркөкірек өзгелердің зауалын,
Өзіме алам.
Күткен емен сауабын.
Тұңғиықтың ашам-дағы есігін,
Сен үшін де сұрай салам кешірім.
Аяқ асты қылсаң егер арыңды,
Қоятұғын жер таппаймын жанымды.
Бар шаттыққа сен лайық – білгенім,
Басқаларға тосын сыйлық – күлгенім.
Өзімді-өзім ұзақ түндер қажадым,
Таусыла ма, осы менің азабым?..
Бітер деме, бар азабым осымен,
Мен қағазға тағдырымды көшірем...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен қағазға тағдырымды көшірем өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Мен қағазға тағдырымды көшірем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен қағазға тағдырымды көшірем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен қағазға тағдырымды көшірем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері