Қош бол

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1220
Қош бол, қыр, бетегелі,
Мені өлең тым алысқа жетеледі.
Ұлытау!
Бағым ерен,
Қош болғын, сағынғанда тағы келем.
Қош болғын, ерке өзенім,
Сағыныш сырларының шерт еренін.
Ақ қайың!
Мұңаймашы,
Оралам, бітсе өмірдің сын – айласы.
Беткейлер, бүлдіргенді,
Жазбапты тағдыр бізге бір жүргенді.
Аман бол, жазық далам,
Ол жаққа сен жайлы жыр жазып барам.
Бастауы сен едің ғой – даналықтың,
Қош, ауыл, бал бесігі – балалықтың.
... Мен кеткем осылайша ауыл жақтан,
Тірлікке неге асықтым дауылдатқан?
...Жүргенде жүрегімнен мұң арылмай,
Өлеңім...
Туған жердің тұмарындай.
Сипайды сор баттасқан маңдайымнан,
Егізім, тағдырласым, сыңарым-ай!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қош бол өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Қош бол өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қош бол өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қош бол өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері