Ескі

Бұл бетте «Ескі» атты Абзал Бөкен жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1528
Ақын дос «Не жаңалық бар?» – деп телефон шалады. Ал, менде айтарлықтай ештеңе жоқ...
(Автор)

«Не жаңалық?», – дейсіңіз,
Жаңалық жоқ жаңалық.
Күнге күйген көрші қыз
Кетпепті әлі ағарып.

Орнында тұр долана,
Орнында тұр дара құз.
Жаңалық деп бола ма,
Ағармаса қараңыз?!

Саумын, – дейді мас адам,
Таумын, – дейді төбе би.
Бар жаңаны жасаған –
Басыңдағы көне ми.

Мінсіз, – дейді, – бір керім
Мезі еткенді сан күліп.
Жаңалық деп жүргенің
Жыл бұрынғы жаңғырық.

Жаңалық жоқ.
(Ол – анық).
Бағзыныкі – бертінгі ой.
Қыз дегенің...
Боянып
«қылық» ашқан кемпір ғой.

Жаңартуға аз халім,
«Қайырлы мал – қайтқаным».
Бұрынғы сөз жазғаным,
Бұрынғы ой айтқаным.

Жаңамын, – деп осылай
Жасамыс жел, әне, есті.
Білмеуші ме ең, досым-ай,
Бұл дүниенің бәрі ескі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ескі өлеңінің авторы кім?

Абзал Бөкен — осы өлеңнің авторы.

Ескі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ескі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абзал Бөкен өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ескі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері