Табыну – Абзал Бөкен

Бұл бетте «Табыну» атты Абзал Бөкен жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1875
Табынудың болатынын түр-түрі
Танымаудың өзі кейде күлкілі.
Мен табынсам, тектілерге табынам,
Солар нағыз ұлыс даусы,
Ұлт үні.

Мен табынсам күйін шертпей біржардың,
Бүтін жұртқа басымды иіп, бүр жардым.
Даналықтың тері сіңген тері тон
Мың есе артық ішігінен мырзаңның.

Алқауына алғанымен ақ жалған,
Адам емен бабым келіп, бақ жанған.
Сыйлы еріме сүйенемін сондайда,
Билеріме…
Қара қылды қақ жарған.

Қарашадан биік тұрар күтімі
қараулармен халықтың жоқ бітімі.
Патшаға да табынуға бармын мен
Жұрты бай да,
Болса өзі жұпыны.

Арды ойлаймын,
Нәрді ойлаймын төл емген,
Нарды ойлаймын намыс десе өлермен.
Жақсыларға табынам деп,
Жақсы ісі
тапшыларға табына алмай келем мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Табыну өлеңінің авторы кім?

Абзал Бөкен — осы өлеңнің авторы.

Табыну өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Табыну өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абзал Бөкен өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Табыну өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері