Жүген – Абзал Бөкен

Бұл бетте «Жүген» атты Абзал Бөкен жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1964
Жамбасқа шідерісін баса құлар
Жан болдым жылқыңызға аса құмар.
Басында өрме жүген.
Түйін сайын
төгілген тоғыз таспа шашағы бар.

Қарттардың қайыс тіліп, малдас құрған
Қимылын көрген едім алғаш қырдан;
Соғылған ақ болаттан ауыздықты
Ақ қайыс тізгінімен жалғастырған.

Шашағы өз алдына төгілгені,
Сағадан басқа жерде жоқ ілгегі.
Кетпеске сусып сол бір сағалдырық,
Таққаны торы түсті тобылғы еді.

Ат емес, атом мінген келдім елге,
Не қалды елжірейтін енді менде?!
Уыстап ақ құйрықты асаған соң,
Саусақты сүртуші едік сол жүгенге.

Басынан керегенің орын алған
Тағы да көрер ме едім соны жалған.
Шал да жоқ күзек пенен қыстауыңды
«Қайт-қайттап» шыға келер қорып алдан.

Маңайдан – жеткізбейтін түбі елсіздік
Салтты іздеп, сананы іздеп түгел сүздік.
Ат та жоқ, жүген де жоқ…
Алдымда тұр
әкелген асау ғасыр жүгенсіздік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүген өлеңінің авторы кім?

Абзал Бөкен — осы өлеңнің авторы.

Жүген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абзал Бөкен өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері